Bugin
Фото: freepik.com
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Әлеуметтік мессенджерлерде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар көбейген.
Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, оны қарапайым халыққа жолдап жатқан көрінеді.
Антикор осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраған.