Bugin

Тасқынға кінәлі болған шенеуніктер сотталатын болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚР ТЖМ

Тасқыннан кейін Ұлытаудағы шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Алдын ала мәлімет бойынша, облыстың табиғи ресурстар басқармасы басшысы іс жүзінде жасалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойған деген күдікке ілінді.

“Жезді өзенін қалпына келтіру” жобасы қолға алынбаған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады. 

Су тасқыны кезінде Ұлытау облысы Жезді кентіндегі 24 жеке үйден 108 адам, оның ішінде 56 бала эвакуацияланды.