Bugin
Фото: ҚР ТЖМ
29 қазанда Алматы гарнизоны әскери соты сарбаз Досымжан Сәлімжанның өлімі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Сарбаз госпитальде көз жұмған. Бірақ оған дейін бірнеше рет соққы алғанын айтқан.
Айыпталушы Жанбота Шәкіров сарбаздың өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
“Марқұмның өліміне қатысым болса, іс-әрекетімді мойныммен көтеріп, тиісті жазамды алар едім. Сонау жерден әке-шешемді жүгіртпес едім. Осы оқиға болған кезде прокурорларға өзім барып, баяндағанмын. Жауыздық іс-әрекеттен аулақпын”, – деді Шәкіров.
Жанбота Шәкіров "Билiктi асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға сотталды.