Bugin
Фото: freepik.com
Шымкентте тұратын жүкті әйел шұғыл түрде №2 қалалық аурухананың перзентханасына жеткізілді. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол қатты қан кетумен, 3-ші дәрежелі геморрагиялық шок жағдайында келіп түскен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Операциялық үстелде оның жүрегі тоқтап қалды. Бірақ құрамында анестезиологтар, акушер-гинекологтар, операциялық мейіргерлер, трансфузиологтар бар дәрігерлер тобы жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. Негізгі өмірлік функцияларын қалпына келтіргеннен кейін қан кетуді тоқтату операциясы жүргізілді және дәрігерлер бригадасының үйлесімді және жоғары білікті іс-қимылдарының арқасында пациенттің өмірін сақтап қалды. Бүгінгі таңда босанған әйел мен сәбидің жағдайы қанағаттанарлық және оларды үйге шығаруға дайындап жатыр.