Bugin

Республика күні елімізде ең көп сәби Түркістан облысында дүниеге келген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: nur.kz

 

Республика күні елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көшбасшы болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Malim.kz. сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, жалпы елімізде 850 сәби дүниеге келген. Олардың 434-і ұл, 416-сы қыз, сондай-ақ, 7 егіз бар.

Өңірлерге бөліп қарағанда, бір тәулікте Түркістан облысынан кейін екінші орында Астана қаласы тұр. Бір тәулікте қалада 89 отбасы балалы болған. Үшінші орында – Алматы қаласы, мұнда 88 сәби өмірге келген.

"Жүкті әйелдер мен босанған әйелдердің денсаулығын сақтау мақсатында босандыру қызметінің өзекті мәселелері бойынша республикалық және өңірлік сараптамалық кеңес барлық жерде жұмыс істейді. Ауыр жағдайда әйелдерді емдеуге жатқызу үшін жеке посттар ұйымдастырылған, сондай-ақ, мамандардың қатысуымен жүкті әйелдерге тәулік бойы мониторинг жүргізіледі", - деп жазды министрлік.