Bugin
Фото: Видеодан алынған скриншот
30 қазанда Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Қатаев Дамир Меделбайұлы Талғар ауданының әкімдігінде Талғар ауданының прокуроры Ерлан Әлижанұлы Тағаевты таныстырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аудандық прокуратура мәліметінше, Ерлан Әлижанұлы Тағаев прокурорлық қызметін Алматы облысының прокуратурасында бастап, кейін Карағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жалғастырған.
Талғар ауданы прокуроры болып тағайындалғанға дейін Курчатов қаласы, ШҚО түзеу мекемелерінде заңдылықтын сақталуын қадағалау жөніндегі арнайы прокуроры, Күршім ауданы, Аягөз, Абай және Жаңасемей аудандарының, прокуроры қызметін аткарған.