Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҚЫС МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: gov.kz

Түркістан облысында қар басу қаупі жоғары 22 аумақ бар. Оның 6-ы республикалық маңызы бар жолдар болса, 16-ы облыстық маңызы бар жолдар. Аталған аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Қолға алынған шаралар жөнінде өңірдегі Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

– Қазіргі таңда 2024-2025 жылдарға арнғалған қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар жоспары және облыстық жедел штабтың құрамы бекітілді. Бүгінде департаменттің төтенше жағдайларды жоюға арналған техникалары дайындыққа келтірілді. Қар құрсауында қалып, қиындыққа ұшырған азаматтарға көмектесуге 191 жеке құрам мен 25 техника қарастырылған. Сонымен қатар, облыстық маңызы бар жолдарда 9 шақырым жолға қар ұстағыш қалқандар орнатылған. Сондай-ақ, қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 11 жылыту пункттері есепке алынған,- деді Талғат Серікұлы.

Сондай-ақ, спикер облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеттері орналасқанын жеткізді. Аталған 4 жылыту бекеттерін 70 тонна көмір отынымен қамтамасыз ету жоспарлануда және тәулік бойына жылы күйде ұстайтын кезекші ұйымдастырылған. Жылыту бекеттерінің бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіншілігі бар, яғни төсек орынмен қамтамасыз етілген.

Таулы аудандарды аэровизуалды зерттеу нәтижесінде 50-ден астам биік таулы көл анықталған. Бұл жайында "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің филиалы Оңтүстік аумақтық пайдалану техникалық басқармасының басшысы Ербол Әлзақов мәлімдеді.

– 2024 жылға арналған тексерулерді жүргізудің бекітілген кестесіне сәйкес, сел-сырғыма қауіпті аймақтары мен селден қорғау құрылыстарына тексерулер жүргізілді. Шараға Түркістан облысы және Шымкент қаласы әкімдіктері мен ТЖД мамандары тартылды. Барлығы 1 095 зерттеу жасалған. Түркістан облысының ТЖД-мен бірлесіп 5 аэровизуалды тексеру жүргізілді. Сырғыма қаупінің динамикасын бақылау мақсатында қауіпті аймақтарға маркерлер қойып, өлшеу жұмыстары жүрді. Қазіргі таңда сел-сырғыма жағдайы тұрақты, – деді спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі