Bugin
Фото: freepik.com
Әскердегі офицерлер мен сержанттардың айлығы 60 пайызға өседі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камелетдинов Мәжіліс кулуарында айтты.
“Келесі жылдан бастап, әскердің, офицерлердің, келісімшарт бойынша әскери қызметкерлердің айлығы көтеріледі. Үш жыл ішінде (2025-2027 жылдар) 60 пайызға өседі”, – деді Камелетдинов.