Bugin

Павлодарда тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды соққыға жыққан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Павлодарда тәрбиеші мүгедектігі бар балаларды соққыға жыққаны видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің облыстық психоневрологиялық балалар орталығы" КММ-нің бейнебақылау камераларын қарау кезінде тәрбиешінің кәмелетке толмағандарды ұрып-соққанын анықтады.  

Орталықтың қызметкерлеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, ол Полиция департаментіне тапсырылды.