Спорт
Жеңіс құтты болсын ағайын!
«Сарыарқа» ресейлік «Рубин» командасымен болған 5-ші ойында жеңіске жетіп, Петров Кубогын жеңіп алды.
Жоғарғы хоккей лигасының плей-офф ойындарының финалында «Сарыарқа» мен «Рубин» командалары ереже бойынша өзара төрт жеңіске дейін ойнауы керек болатын. Алғашқы ойында «Рубин» командасы жеңіп, кейінгі қатарынан болған төрт ойында «Сарыарқаның» мысы басым болды.
Соңғы ойын кеше Ресейдің Түмен қаласында өтіп, қонақтар 1:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша командалар арасындағы серия есебі: Қарағандылық «Сарыарқаның» пайдасына 1:4.
Шайба авторлары:
0:1 — 04:51 Сарваров (Ибатуллин, Ломако).
1:1 — 17:36 Рехтин (Фаст).
1:2 — 21:58 Нургалиев (Ряшенцев, Железнов).
1:3 — 43:04 Ломако (Сиксна, Зиазов).
1:4 — 59:19 Кицын (Зиазов).