Bugin

Шерзат Болаттың өлімі: Қылмыстық іс туралы соңғы деректер

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болат қазасына қатысты қозғалған істі тергеу барысы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

“Талғар ауданындағы кісі өлтіру оқиғасына қатысты тергеу жұмыстары тұрақты бақылауда. Күдіктілер ұсталып, бірнеше айып тағылғанын білесіздер. 15 қазанда ішкі істер министрінің бірінші орынбасары және Алматы облысы прокурорының төрағалық етуімен брифинг өтті. Тергеу барысы айтылды. Әкесіне қатысты ешқандай қылмыстық іс жоқ. Өрт қоюға қатысты іс те тергеліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жүріп жатыр", - деді бас прокурордың орынбасары. 

Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болатты сыра үшін бір топ жігіттер пышақтап өлтірген еді.