Bugin
Фото: gov.kz
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу фонында прокурорлардың жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қойгелдиев Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры қызметінен босағаннан кейін не істейтіндерінен хабарсыз екенін айтты.
"Иә, олар прокуратура органдарынан босатылды. Бұдан әрі не болатынын білмеймін. Олар не істейді, мансабын қалай жалғастырады, ештеңе айта алмаймын. Бұл олардың жеке өмірі. Олардың кәсіби мансабы қалай жалғасатынын білмеймін", - деді Бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында.
Бас прокурордың орынбасары олардың қайта прокуратураға жұмысқа кіретініне кепілдік бере алмайтынын айтты.