Bugin
Фото: freepik.com
Түркістан облысының Turan арнайы экономикалық аймағында болашақ мақта агроөнеркәсіп кешенінің капсуласын салу рәсімі өтті. Жобаның құны – 146,8 млрд теңге, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ақпаратқа сәйкес, толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейтін болады. Өндіріс қуаттылығы – жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасы, 7 млн жиынтық төсек әбзелдері. Кешен арқылы 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
“Мақта-мата кластерін дамытуға бағытталған өндірістік кешеннің құрылысын Xinjiang Lihua (Group) Co., LTD жүргізеді. Жобаның маңызды артықшылығы – компанияның Louis Vuitton және Gucci сияқты сән индустриясының алыптарымен тікелей ынтымақтастығы. Болашақта “made in Turkestan” тігін жіптері мен маталары осы брендтерге сатылатын болады”, – делінген АШМ хабарламасында.