Bugin
Фото: ашық дереккөзден
Қытай түрмесінде отырған Ақжарқын Тұрлыбай елге жіберілуі мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бұл туралы бүгін Сенаттың кезекті отырысында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.
Ақжарқын Тұрлыбай 10 жыл бұрын Қытайдың Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Қытай мемлекеті оны 4,5 келі синтетикалық есірткі тасымалдады деп айыптаған. Бірақ Ақжарқын және оның туыстары бұл іс туралы хабарсыз екенін айтты. Бойжеткеннен танысы Қазақстанға сәлемдеме алып өтуін сұраған.
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайды қайтару үшін тиісті органдар жұмыс істеп жатыр.