Bugin
Фото: freepik.com
Министрлер айлықтары туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айлығының 1,24 млн теңге екенін айтты.
“Егер маған 50 пайыз сыйақы берілсе, біздің мамандарға да 50 пайыз беріледі, мерекелік болса”, - дейді министр.
Ал ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айлығының қанша екенін айта алмайтынын айтты.
“Мен айта алмаймын, сыйақыны мамандар алсын деп, соларға көбірек беремін”, - деді Айдарбек Сапаров.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те журналистерге сыйақы тәртібі қалай болатынын түсіндірді. Ол өз министрлігінде тек жоспарланған сыйақылар барын айтады.
“Белгіленген өз тарифі бар, менің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілім көп емес, сондықтан ең төмен деңгейде алып отырмын”, - деп жауап берді министр.