Bugin
Фото: Түркістан облысының әкімдігі
Бүгін жастар арасында аудан әкімі кубогы үшін «IQ BATTLE» зияткерлік сайыс өтті. Сайыста аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев сөз алып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Білімділер сайысына аудан аумағындағы жастардан құралған 22 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Тартысты әрі қызықты өткен білімділер сайысында жүлделі 3-орынды №4 мамандандырылған мектеп-интернатының «DDD Triple D» командасы иеленсе, 2-орынды Жартытөбе ауылдық округі Т.Оспанов атындағы жалпы орта мектебінің «Тамаша like» командасы иеленсе, ал 1-орынды «Аудан әкімінің кубогін» «Конина Power» командасы иеленіп, қанжығасына байлады. Сайыста «Жас Қазақ» командасы «Жеңіске деген жігер» номинациясын иеленсе, «Аймауытов қырандары» «Үздік киім үлгісі» номинациясын жеңіп алды. Барша қатысушы командаларға аудан әкімінің арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетсек, зияткерлік ойынның мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылықтарын ояту арқылы білім деңгейін көтеру. Сондай-ақ, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал ету.