Bugin
Түркістан облысының әкімдігі
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Кентау қаласына іссапармен барып, №5 Жылу энерго орталығындағы жұмыстарды бақылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Сала мамандарымен бірге жөндеу жұмыстары күнделікті қадағалануда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты қызметкерлерге жұмысты сапалы орындалды тапсырды. Бұл жұмыстар басты бақылауда болатынын жеткізді.
Қазіргі таңда №5 және 6 қазандықтың жөндеу жұмыстары аяқталып, іске қосылды. Ал №8, 11 қазандықта кешенді сынақ жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ № 9,10 қазандықтардың жылу-механикалық бөліктегі жұмыстар толық орындалып, енді кешенді сынақ жұмыстарына дайындық жүруде. Бүгінде мұнда барлығы 153 адам жұмыс істейді. Жұмыс екі ауысымда жүргізілуде.
Айта кетейік, 14 мыңға жуық абонент орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Оның ішінде: 108 бюджеттік мекеме, 2295 жеке сектордағы тұрғын үй, 347 көпқабатты тұрғын үй және 441 коммерциялық нысан.