Bugin

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫС ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Бүгін Темірланда Ордабасы ауданының 60 жылдығына орай «Ордабасы –ынтымақтың мекені» атты республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аламан айтыстың ашылуында аудан әкімі Азат Оралбаев мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, ақындарға сәттілік тіледі. Дүбірлі доданы ақын Тұрар Тілеулиев жүргізіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 10 ақын өнер көрсетті.

Қара домбыраны серік етіп, жұрт алдында кестелі сөзбен күмбірлеткен айтыскерлер Ордабасы ауданының тарихын айтып, бүгінгі даму жолындағы бағыттары мен қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғады.

Ақындардың әрбір сөзіне мән беретін қазылар алқасында ақын, Ордабасы ауданының «Құрметті азаматы», айтыскер ақын Құрманәлі Жылқыбай төрағалық етті. ҚР Мәдениет қайраткері, ақын сазгер, елге танымал әндердің авторы Әбдіхалық Әбдірайымұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Ақмарал Леубаева қазылар алқасының қатарында болды.

Айтыс нәтижесінде сайыстың бас жүлдесін айтыскер ақын Нұрзат Қару жеңіп алса, 1-орынды Карима Оралова, 2-орынды Жансая Мусина иеленді. Ал 3-орынды Нұрлан Есенқұлов, Нұрбол Жауынбаевтарға бұйырды.

Республикалық айтысқа қатысушыларға арнайы алғыс хаттар, дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Ордабасы төрінде өткен айтыс халықтың рухын түлетіп, ерекше сезімге бөледі.