Bugin
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваға оқырмандарының бірі хат жолдаған. Хатта келіншек шарасыз халде екенін жазыпты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Хат авторының айтуынша, ол қалада жұмыс істейді екен. Ауылдағы үйде күйеуі мен баласы тұратын көрінеді. Кейін ол баласына қарау үшін бала күтушісін жалдаған. Алайда қуанышы көпке созылмапты.
Күйеуі мен бала күтуші көңіл қосып кеткен. Ең сорақысы, бала күтуші ауылдағы үйге иелік етіп, келіншекті кіргізбей отыр екен. Келіншек тіпті, баласын көруге зар. Ол адвокат Ләззат Рақышевадан көмек сұрады.