Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНЫ: ҰСТАЗДАР АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Бәйдібек ауданы әкімдігі

«Спорт нашақорлыққа қарсы» тақырыбында волейболдан мұғалімдер арасында аудандық жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жарыстың мақсаты ауданның бұқаралық спортын дамыту салауатты өмір салтын насихатау.

Спорттық іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша Боралдай ауылдық округі І-орын, Шаян ауылдық округі ІІ-орын, Мыңбұлақ ауылдық округінің мұғалімдері ІІІ-орын иеленді.

Ағыбет ауылдық округінен қатысқан мұғалім Н.Байзалиев «Үздік шабуылшы», Борлысай ауылдық округінің мұғалімі С.Омарова «Үздік қорғаушы» номинациясымен марапатталды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61