Bugin
Фото: Бәйдібек ауданы әкімдігі
Түркістан облысының дін істері басқармасы тарапынан ұйымдастырылған «ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» жобасы аясында аудан тұрғындарымен кездесу өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Кездесу жиынның мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерін алдын алу және қоғамда деструктивті идеологияға иммунитет қалыптастыру.
Кездесуге елімізге белгілі айтыскер ақын, «Қаратау» өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Қажымұқан Абзалұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оразалыұлы арнайы келді.
Жиынға ауданымыздың бас имамы Еркін Полатов және қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жастар қатысты.
Кездесу жиынын аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қырғызалиев ашып, жүргізді.
Кездесу барысында арнайы келген қонақтар жиынға қатысушыларға ел бірлігі, ата-баба дәстүрі, дәстүрлі құндылықтары туралы әсерлі әңгіме өрбітіп, жастарға ұлағатты насихаттарын жеткізді.
Жиынға қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сауалдар мен ұсыныс-пікірлерін ортаға сала отырып, ашық сұхбат құрып өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына жауаптар алды.