Bugin
Фото: Жетісай Жастар Ресурстық орталығы
Жетісай аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі мен жергілікті полиция қызметі инспекторлары мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен біргелікте бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес күндізгі рейдтік шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Басты мақсат – кәмелетке толмағандар арасында орын алуы ықтимал қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, күндіз компьютерлік ойынханалар мен мейрамханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайлылық танытатын ата-аналарды анықтап, тиісті шаралар көру, жасөспірімдерді заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға темекі бұйымдары мен спирттік ішімдіктерді мүлдем сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілген күндізгі рейд барысында тәртіпті бірінші рет бұзып, үй-жайынан тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелеттік жасқа толмағандарға ескерту жасалды. Алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін рейд барысында екінші рет тағы анықталса хаттама толтырылып, айыппұл салынатындығы қатаң ескертілді.