Bugin
Фото: Жетісай жастар ресурстық орталығы
Жетісай ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, аудан ұстаздары арасында “Ұстаз ұлық - есім, ұлы тұлға” атты пікірсайыс турнирі басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Пікірсайыс турнирінің мақсаты- жастардың ораторлық қабілетін, сөз шеберлігін, белгілі бір фактілерді зерттеуге, өз көзқарасын жүйелі түрде дәлелдеуге және бағытын дұрыс ұсынуға үйрету.
Аудандық пікірсайыс турнирін Жетісай аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің маманы Нұрсұлтан Беркін ашып, турнирге келген пікірсайысшыларға (фракцияларға) сәттілік тіледі.
Аталмыш турнирде ауданның түкпір-түкпірінен келген ұстаздар бақ сынауда. Барлық пікірсайысшылар алдымен іріктеу кезеңдеріне берілген тақырыптарды талқылап келесі кезеңге жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтайтын болады. Жетісай қаласының “Тұран” мектеп гимназиясында өтіп жатқан турнирге 44 фракция, 90-ға жуық жас ұстаз қатысуда.