Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫ: ҒҰЛАМА ҒАЛЫМҒА ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА АШЫЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Келес ауданында ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, халықаралық «Кафка», «Күлтегін» сыйлықтарының иегері Немат Келімбетовтың шығармашылығына арналған «Немат Келімбетов және қазіргі қазақ руханияты» тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференциясы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Келес ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен ғылыми тәжірибелік конференцияға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова, аудандық білім бөлімінің басшысы Рахат Жайлаубай және Өзбекстан астанасы Ташкент қаласынан, Елордамыз Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарының ғалымдары келіп қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысы №1 О.Есімов атындағы жалпы білім беретін мектебінде, секциялық отырыстар №22 З.Рүстемов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылды. Конференция барысында ғұлама ғалымға ескерткіш тақта ашылып, Немат Келімбетов және қазіргі қазақ руханияты» атты кітаптың тұсауы кесілді. 

Келес ауданында дүниеге келген түрколог-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, халықаралық Кафка, Күлтегін сыйлықтарының иегері Немат Келімбетов VI-VIII ғасырларда тасқа қашап жазылған дастандардан бастап, қазақ хандығы құрылған кезеңге дейінгі түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ болған әдеби мұраларды зерттейді. 

Немат Келімбетов шығармалары – ұлттың болмысы мен дүниетанымын көркем тілмен суреттеген, терең мәнге толы туындылар. Оның шығармаларындағы рухани қайсарлық пен адамгершілік идеялары оқырмандарға күш-қуат беріп, сананы жаңғыртады. Бүгінгі таңда да ол қазақ халқының асыл құндылықтарын сақтап қалу жолында үлкен маңызға ие.