Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫ: «ТІРІ ӨЛІК» АТТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДРАМА САХНАЛАНДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде Байғали Есенәлиевтің «Тірі өлік» атты психологиялық драмасы сахналанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Мәдени шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысып, «Келес халық театрының» маусымашар  туындысын тамашалады.

Көркем туындыда бас қаһарманның сезімге толы шабытты шақтары, өмірдегі жан күйзелісі мен жастарды ішімдікке әуес болмауды сәтті суреттелді. Туындыны Келес ауданындағы «Келес халық театрының» төл актерлері сомдады. Аудандық театрдың қысқа уақыт ішінде туындыны өз деңгейінде орындап шыққандығына ризашылық білдірген аудан басшысы Жәнібек Есенұлы қоюшы режиссер Жангелді Мырзалиевке алғыс айтты.  

Айта кетейік,  Келес халық театрының құрылғалы бері үлкен белестерді бағындырды. Театр құрамы жаңарды, заман талабына сай жасақталды. Аға буынның салған сара жолын жалғап келе жатқан театр ұжымы ауданның әлеуетін арттыруда халықты өрелі өнермен сусындатып, рухани байлықты толықтыруға және игі дәстүрлерді жалғастыруда аянбай еңбек етіп келеді.

Келес халық театры - 1968 жылы драма үйірме боп басталған. Алғашқы сахналық қойылым жергілікті Шеген Сапаровтың «Жеңіспен ораламын» деген спектакілімен басталған. 1978 жылы «Шыңғыс хикаясы» атты қойылыммен республикалық байқаудың лауреаты болған. Сол жылдары бірінші Келес халық театры атағын алған.