Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариевтің төрағалығымен «Келес ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Жиын барысында Келес ауданының білім бөліміне қарасты жалпы білім беру ұйымдарындағы мектеп формасын талаптарын сақтамайтын оқушылар бойынша және балаларға қатысты тұрмыстық, психологиялық зорлық-зомбылықтың, бала еңбегін қанаудың алдын алу жұмыстарының қорытындысы туралы ауданның білім бөлімінің тәрбие әдіскері Жәнібек Абдуалиев баяндады. Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Комиссия отырысына аудандық полиция бөлімі, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтары қорғау жөніндегі комиссия мүшелері және Келес ауданының білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Даурен Нұрланұлы комиссия мүшелерінің қозғалған мәселелер жайлы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.