Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: КЕЛЕСТЕ КЕЗЕКТІ ЭКО-АКЦИЯ ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Кклес ауданы әкімдігі

Келес ауданы аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында тазалық жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аудан орталығындағы акцияға қоқыспен күресуге және аумақты абаттандыруға бірге шыққан 50-жуық тұрғын жиналды. Акцияға қатысушылар қоқыс дорбаларымен және тазалау құралдарын пайдаланып, іс-шара барысында ауланы тазалап, әктеу және сырлау жұмыстарын да жүргізді. 

«Таза Қазақстан» - еліміздегі ең ауқымды шара. Бұл бағдарлама әрбір тұрғынның экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерді таза ұстауға бағытталған. Біз өз өлкемізді келер ұрпаққа таза, экологиясы қалыптасқан, қоқыссыз, жасыл желекті жер ретінде қалдыруымыз керек» - деді Абай ауылының әкімі Ерғали Абдрахманов. 

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Келес ауданында күзде ағаш отырғызу бойынша ауқымды акция өткізу жоспарлануда. Атап айтқанда, аудан аумағында жалпы 25 300 түп  ағаш отырғызылмақ. Бұл акция өңірлерді көгалдандыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға және халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бүгінде ағаштарды отырғызуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.