Bugin
Фото: Келес ауданы әкімдігі
Келес ауданында «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 28 шақырымды құрайтын 28 ішкі көшеге орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Атап айтсақ, Біртілек ауылдық округінде 18 көше, Ошақты ауылдық округінде 7 көше, Қошқарата ауылдық округінде 3 көше. Қазіргі таңға келіп, жалпы орта жөндеу жұмыстары жоспарланған 28 шақырымды құрайтын 28 ішкі көшенің 19,39 шақырым яғни 15 ішкі көшеге асфальт салуға орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, «Ұлттық жол активтер сапасы орталығы» РММ Түркістан облысы бойынша филиалы тарапынан салынған жолдың сапасына оң қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, 2023 жылдан 2024 жылға өтпелі болған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 1 елді мекенде 8,5 шақырымды құрайтын 12 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен аудан аумағындағы елді мекен ішкі көшелері бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер мекеме тарапынан 37,6 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылдың қаржы жоспарына сәйкес, жергілікті бюджет есебінен 150 дана жол белгілері, 10 дана жасанды жол кедергілерін орнату, әлеуметтік нысандар орналасқан жол бойларына 350 м2 жаяу жүргіншілер жолағын сызу, елді мекен ішкі көшелері мен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында орын алған ойық-шұңқырларын жамауға 3000 м2 қаржы қаралды. Қазіргі таңға мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме "Асем-Жарық" ЖШС танылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.