Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫ: НЫСАНДАРДЫҢ СӘУЛЕТТІК ЖОБАЛАРЫ ТАЛАПҚА САЙ БОЛУЫ ТИІС

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Келес ауданың әкімі Жәнібек Ағыбаев өңір аумағындағы ауыл, ауылдық округтерінің әкімдеріне заңсыз құрылыс нысандарын бақылауға алып, кәсіпкерлік нысандардың сәулеттік жобаларын бірдейлендіруді, талапқа сәйкестендіруді тапсырған болатын, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Берілген тапсырма негізінде әрбір ауыл, ауылдық округтерінде жұмысшы топ құрылып, қажетті шараларды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Осы орайда бүгінде Ақтөбе ауылдық округі аумағынан өтетін Республикалық А-15 трассасы бойынан 14 заңсыз нысан анықталып, заң аясында тиісті шешім қабылдануда. Сондай-ақ әкімдік өкілдері кәсіпкерлік нысан иелерімен кездесіп, нысанның орналасуымен сыртқы қасбетін ретке келтіру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ереже бұзған азаматтарға кемшіліктерді жою бойынша ескертулер берілді. 

Айта кетейік, аудан әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес мемлекеттік құрылыс нормаларын, ережелері мен талаптарын, заңсыз салынған құрылыс нысандарын анықтау, алдын алу мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жұмысшы топ құрылып, кәсіпкердің өз қаржысы есебінен салынып жатқан, салынған, істеп тұрған коммерциялық құрылыс нысандарына талдау жүргізілуде. 

Кәсіпкерлік нысанның құрылысын заңды бастау үшін алдымен сәулет-жоспарлау тапсырмасын және жобалық-сметалық құжаттамасын алу, эскизді бекіту, құрылыс салуға рұқсат қағазын алу қажет.