Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАҚТААРАЛДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТКЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Мақтаарал аудан әкімдігі

Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында күрделі жөндеуден өткен мәдениет үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. 

Конкурстық құны 307 миллион теңге болатын «Алғабас» мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталды.  «КазЖоба Консалтинг» ЖШС-і нысанды жобаласа,  Мердігер "Allians & Arena" ЖШС-і нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізді. 

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған жаңа ғимарат екі қабаттан тұрады. 250 орындық концерт залы және үйірмелерге арналған бірнеше шағын залдар бар. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасқан. Кітапқұмар балалар бос уақытын осында өткізеді. 

Айта кетейік, ауданда 9 мәдениет үйі бар. Қазіргі таңда Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев елді мекенінде және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы елді мекенінде мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.