Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕЛЕС АУДАНЫ: СУ БӨЛУ ҚҰЛАҚТАРЫ РЕТКЕ КЕЛТІРІЛУДЕ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Келес ауданы әкімдігі

Ағымдағы жылы Келес ауданы  бойынша қалпына келтірілетін және жаңадан соғылатын су қоймалары мен тоғандардың 2024-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Ақтөбе ауылдық округінің ұсынысымен «Р-28» каналы бойындағы Ақболат, Найман және Оймауыт каналының бойындағы Қият, Сман су бөлу құлақтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Жүзеге асып жатқан жобаның сапасы мен барысын бақылау мақсатында Ақтөбе ауылдық округінің әкімі Ердаулет Жасұзақов нысан басына барды. Мердігермен тілдесіп, жұмысты ширату бойынша тиісті тапсырмаларды жүктеді. 

Айта кетейік, Р-28 каналы Өзбекстан Республикасынан бастау алатын Солтүстік Ташкент каналынан бөлініп, 820 гектардан астам жерге ағын су жеткізеді. Каналдың ұзындығы 8 шақырымды құрайды.