Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫН АЙҚЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі семинар-кеңеске аудан әкімі Азат Оралбаев, мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешенін несиелендіру бөлімінің басшысы Қалданов Бауыржан және облыстық ғылыми институт профессорлары, ауылшаруашылығы саласының ардагерлері, шаруа қожалық төрағалары қатысты.

Семинар-кеңесті аудан әкімі Азат Оралбаев ашып, төрағалық етіп жүргізіп, жалпы аудандағы ауылшаруашылық саласының дамытудың біршама жолдарын қарастыру бағытында, атқарылатын жұмыстарға агроөнеркәсіп кешеніндегі шаруаларды, кооператив мүшелерін арнайы жинап отырмыз. Біздің негізгі мақсатымыз мал шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығы, «Ауыл Аманаты» жобасын жүзеге асыру, осы шаруаларға тиімді жолдарын қарастыру бағытында ұйымдастырып отырмыз – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ семинарда ғалымдар сөздерін сөйлеп, ойларымен бөлісті. Сонымен қатар шаруалар өз ұсыныстарын айтты.

Жиналысты қорытындылаған аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы дамыту жолдарын қарап, қадамдық іс-шара жоспарын бекітіп, ауданның ауыл шаруашылығы саласының дамуына бірлесіп жұмыс жасаймыз деген сенімін білдірді.