Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «КӘСІПОДАҚ-ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ» АТТЫ ІС ШАРА ӨТТІ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

10 қазан Қазақстан кәсіподақтары күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде, «Кәсіподақ-еңбек адамының сенімді тірегі» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, Түркістан облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақыт Еркінбек қатысып, жиынға келгендерді мерекемен құттықтады.

Құрметті кәсіподақ қызметкерлері!

Баршаңызды 10 қазан – «Қазақстан кәсіптік одақтарының күні» кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздер еңбек ұжымдарының қызметкерлері мен жұмысшыларын әлеуметтік қорғауға, қолайлы еңбек шартымен әділеттілікті қамтамасыз етуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып келесіздер.

Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізбен отандастарымыз лайықты жұмыс жағдайларын пайдаланып, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда.

Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғысымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін –деген аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов бірқатар ұзтазды аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Мерекелік іс-шара кезінде аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары кәсіподақ белсенділеріне өз өнерлерін көрсетті.