Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАН БАСШЫСЫ СПОРТШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде спорт және дене шынықтыруды дамыту – мемлекеттік ауқымдағы маңызды бағыт. Мықты және өмірге құштар жас ұрпақты тәрбиелеу – еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

Спорт - біздің өміріміздің құрамдас бөлігі және табиғи және рухани жетілудің көрсеткіші. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол – дене тәрбиесі мен спорт.

Ауданымыздың намысын әлемдік додаларда тайсалмай көтеріп жүрген спортшыларымыз және жаттықтырушыларымыз. Ауданымыз әрқашан спортшылармен мақтанатыны белгілі. Армения мемлекетінен шахматтан ерекше жандар арасында (20 жасқа дейінгілер арасында) Әлем біріншілігінде  орын алған Байділә Аружан, «Темірлан спорт клубы» КММ-нің шахмат жаттықтырушысы Жаманғараев Маратіллә, Астана қаласында өткен V ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынынан көкпардан (көк бөріден)  орын алған Шекербеков Бекболат ауданымыздың намысын бермей, тартысты жарыстарда абыроймен өнер көрсетті.

Aудан әкімі Азат Оралбаев аталған 2 спортшыны бірге қабылдап, өзінің құттықтау тілегін жеткізіп, арнайы марапаттап, сый-сияпат жасады.

«Ауданымыздың жаттықтырушылары мен спортшылары алдағы уақытта да еліміздің мерейін өсіріп, даңқын шығару мақсатында өздерінің шеберліктері мен күш-қуатын, тәжірибелерін аянбай жұмсарына күмәнсіз сенемін. Баршаңызға амандық, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары ұлғая берсін!» - деді, Азат Әбдіғалиұлы.