Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АУДАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ - 01

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ауданда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай «Менің Отаным – менің Республикам» атты мерекелік жиын өтті. Ұлттық мерекенің мазмұны мен мәні ашылып, онда отаншылдық сезімі дәріптелді.

Мерекелік жиынға келген көпшілік алдымен тақырып аясындағы аудандық кітапхананың кітап көрмесі мен білім беру ұйымдарының оқушылары дайындаған қолөнер бұйымдарының көрмесімен танысты.

Мұнан соң меркелік шараның шымылдығы композициялық көрініспен түріліп, аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады.

Аудан басшысы өз сөзінде: «Отанымыз – егеменді, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан. Осынау қасиетті мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады! Еліміз Егемендік алған жылдардан кейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Соңғы жылдары ауданымыздың да әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, инфрақұрылым нысандары, білім ошақтары, медициналық орталықтар салынып халықтың игілігіне берілуде. Бір сөзбен айтқанда, отырарлықтар әлі де талай асуларды асып, талай биіктерді бағындыратыны сөзсіз.Баршаңызды еліміздің ұлттық мерекесі 25 қазан - Республика күні мерекесімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт береке тілеймін» -дей келе еңбектегі жоғары жетістіктері мен өңірдің дамуына үлес қосқан бір топ азаматтарға облыс әкімінің грамоталарын табыстады.

Сондай-ақ ұлттық мерекеде ауданымыздың өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік- экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Салтанатты жиында ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Талапты ауыл округі әкімі аппаратының бас маманы Айсұлтан Алмасұлы жиналған көпшіліктің алдында ант беріп, егемен еліміздің гүлденуі жолында өзіндік үлес қосу үшін мемлекеттік қызметші ретінде жұмысын бастады.

Мерекелік кеш мағыналы әрі мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласып, театрландырылған қойылымдар ұсынылып, патриоттық әндер шырқалды.