Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АҚСУКЕНТТЕ СӘУЛЕТІ КЕЛІСКЕН «AKSU PLAZA» САУДА КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

«Республика күні» қарсаңында Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында сәулеті келіскен «AKSU PLAZA» сауда орталығы халық игілігіне берілді. Аудан орталығында орналасқан бұл нысан тұрғылықты кәсіпкер Сабыр Төрехановтың жеке қаржысы есебінен салынды.

«ЖК ТАРАХАНОВА» сауда ойын-сауық орталығы жобасының жалпы құны 2579,0 млн.теңгені құрап отыр. Қаңқасы 3 қабаттан тұратын сауда нысанының құрылыс жұмыстары былтыр басталып, биыл толыққанды аяқталды.

Сауда орталығының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев пен Ақсукент ауылдық округінің әкімі Мади Нұрлыбаев арнайы қатысты. Өз сөздерінде, аталмыш кешеннің келешекте тұрғындардың сүйікті мекеніне айналатынын атап айтты. Сондай-ақ, салтанатты рәсімде аудан қазынасына қаржысын құйып, көпшіліктің кәдесіне асатын кәсіпкерлік нысан ашқан атымтай азаматқа алғыстарын білдірді.

Заманауи үлгіде бой көтерген кешенге келушілер тағамдық өнімдермен қатар, киім-кешек, телефон аксессуарлары мен алтын зергерлік бұйымдарды тұтына алады.

Алдағы уақытта орталыққа адамдар тек сауда жасау үшін емес, отбасымен, балаларымен келіп демалуына жағдай жасау жоспарлануда.

Айта кетейік, тұрғындарға жаңа сәулеттік туындыны тарту еткен жергілікті кәсіпкер қазіргі уақытта 70 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Бұл аудан халқының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына септігін тигізері сөзсіз.