Bugin
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Сайрам ауданының Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық Төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасының орынбасары Мадияр Оразалиев төрағалық жасады.
Мәжіліс барысында аудан аумағында күзгі-көктемгі су тасқынының алдын алуға
бағытталған жұмыстар мен Сайрам ауданы аумағында 2024-2025 жылдары жылыту маусымына дайындық және төтенше жагдайлардың алдын алуға бағытталған
жұмыстар туралы мәселелер қаралды.
Басқосуда аудандык Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Asan Tulepbergenov, аудан әкімі аппаратының құжаттандыруды қамтамасыз ету, жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бас инспекторы Ильяс Марин, аудандық
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Жаманқұлов және бекітілген тізім бойынша ауыл округ әкімдері баяндама жасады.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар көтерілген мәселелер төңірегінде өз ойларын жеткізіп, ұсыныс-пікірлерін айтты.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар комиссиясының төрағасының орынбасары 2024 жылғы күзгі-қыскы су тасқынының алдын алу мақсатында әр ауылдық округ әкімдері меншіктегі мотопомпаларын әзірлікте устап, қажетті құм, инертті материалдар және қаптар қорын дайындыққа келтіру керектігін айтты.
Сондай-ақ, аудан аумағындағы су басу қаупі ықтимал учаскелердің карталары жасалып, адамдар мен малдардың көшірілу пункттерін нактылауды тапсырды. Және аудан аумағында су тасқыны, су басу орын алған жағдайда қажетті шаралар шұғыл қабылдануын, салдары жойылмауына жол берген ауыл акімдері мен тиісті басшылардың катаң жауапкершіліктері қаралатынын ескертті.
Бұдан бөлек, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшылығына аудан мекемелері, жылыжайлар, жеке секторға қажетті көмір қорының толығымен алынуын қамтамасыз етуді жүктеді.