Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 500 БАЛАҒА АРНАЛҒАН СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

«Балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет. Спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс» деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінуде. Осы ретте, жеке инвестор есебінен ауданға қарасты Дарбаза елді мекенінде 500 балаға арналған заманауи үлгідегі спорт кешені ашылды. Аталған спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып,ауыл тұрғындарын келе жатқан мерекемет құттықтады.

500 балаға арналған спорт кешенін жеке кәсіпкер Абылай Салимов ағымдағы жылдың наурыз айында бастап, бүгінде ел игілігіне табыстауда. Спорт кешенінде футбол алаңшасы, бокс, самбо, дзюдо, үстел теннисі, қазақ күресі, таеквандо, футбол, шахмат үйірмелеріне арналған залдар заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Аталған жиын барысында аудан әкімі самбо күресінен жуырда ғана Кипр мемлекетінде өткен Әлем чемпионы атанған Е. Ахатовты, Әскерилер арасында Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хорватия мемлекеті, Загреб қаласында өткен Әлемдік Гранд При жарысының Чемпионы атанған Ш.Рахимовты, Греплингтен ҚР 2024 жылғы чемпионы, Филиппинде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Д.Бөрібайды, сонымен қатар дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы М. Серікбайларды алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табысталды.