Bugin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: 200 ВЕЛОШЕРУШІ 120 ШАҚЫРЫМДЫ БАҒЫНДЫРДЫ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Сарыағаш ауданында әуесқойлар арасында велошеру өтті. Шараға 200 Қазақстан және Өзбекстан мемлекеттерінің велошерушілері, оның ішінде кәсіпқой спортшыларымен бірге қарапайым әуесқойлар да бар.

Қатысушылар Шымкент қаласынан бастау алып, «Жібек жолы» кеден бекетінің маңында мәреге жетті. Жалпы велошерушілер 120 шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті. Спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сақтық шараларын алдын алу мақсатында жол бойы медицина және полиция қызметкерлері сүйемелдеді.

Салауатты өмір салтын насихаттаған шара «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және ҚР велосипед федерациясының бастауымен жылда дәстүрлі түрде өтуде. Велошерушілерді аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы күтіп алып, алда келе жатқан мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстанның велосипед спорты федерациясының Президенті Раимбек Баталов, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры Мұратбек Маханов қатысты.

Велошерудің басты мақсаты – Қазақстан және Өзбекстан Республикасының арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту, нығайту және тұрғындар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау болып саналады.

Аталған шараның соңында велошерушілерге медальдар табысталып, ақ дастархан жайылды.