Bugin
Фото: Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімдігі
Түркістан облысы Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ елді мекенінде тілсіз жау түгел бір үйді отқа орады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде. Бүгін оқиға орнына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров келіп, мән-жайды білді. Тұрғындармен тілдесіп, көмек көрсетілетіндігін жеткізді.
“Біз бұл жағдайдан тысқары қала алмадық. Баспана иелеріне көмек көрсету жөнінде шешім қабылдадық. Аудан тарапынан тұрғын үйді жөндеуге көмек көрсетілетін болады. Дегенмен отбасына әлі де көмек қажет. Өрттен зардап шеккендердің барлық тілектерін тыңдадық, бұл оқиғаны біз бақылауда ұстаймыз», – деді аудан әкімі.
Қызыл жалыннан әбден зәресі кеткен үй тұрғындары да, қазір сабырға келіп, баспанасын қалпына келтіру жұмыстарын бастаған. Тілсіз жау айтып келмейді. Құрметті аудан тұрғындары Сіздерді қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.