Bugin

Түркістан: Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімдігі

Түркістан облысы Сауран ауданында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болып өтті. Жиынға комиссия мүшелері және тиісті бөлім басшылары қатысты.

Жиналыстың күн тәртібінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, ерте жүктілік фактілерінің және өз өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің өкілі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Жандос Құрбанәлі, емхананың бас дәрігерінің орынбасары Айдана Аяғанова баяндама жасады.

Сонымен бірге, балалар мен жасөпірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде болмауларының алдын алу мақсатында «Жасөспірім» рейд қорытындысы туралы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің өкілі мен аудандық білім бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Мейіржан Әділбеков хабарлап өтті.

Жиын барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жиналысқа қатысушылар тарапынан көптеген ой-пікірлер ортаға салынып, талқыға түсті. Алдағы уақытта бұл бағытта тұрақты түрде бірлесе жұмыс жүргізу керектігіне тоқталды.