Bugin

Түркістан: Бабата елді мекенінде аз қамтылған отбасыға баспана берілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістан облысы Созақ ауданында тұрғындарды баспанамен қамту бағытындағы жұмыстар жалғасып, игі іс Бабата елді мекенінде жүзеге асты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Аз қамтылған отбасына «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен алынған үй табысталды. Ауылға арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа баспананың кілтін табыстап, үй иесін қоныс тойымен құттықтады.

«Бүгінгі қуаныш – тек сіздер үшін ғана емес, барша ауыл тұрғындары үшін де маңызды. Әрбір адам өзінің шаңырағында бақытты болуы тиіс. Жаңа үй – жаңа мүмкіндіктер, жаңа бастама. Біз тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға, қоғамымыздың дамуына барынша қолдау көрсетеміз. Осылайша, біз бірлігімізді нығайтып, еліміздің болашағын бірге қалыптастырамыз», – деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

«Қазфосфат» ЖШС бас директорының әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Берікұлына өз кезегінде баспана иесінің отбасына береке, бақыт және табыс тілеп, жаңа үй алдағы өмірлеріне қуаныш сыйлайтынына сенім білдірді.

«Біздің ауылымыздың болашағы осындай қамқорлықпен жарқын болмақ. Бұл қоғамымыздың дамуына және әлеуметтік теңдіктің орнауына және ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге үлкен ықпал ететіні сөзсіз», – деген ауыл ақсақалдары мен тұрғындар да игі іске арқау болған барша азаматтарға ізгі тілектерін арнап, баспана иесінің қуанышын бірге бөлісті.

Айта кетейік, Бабата елді мекенінен берілген 5 бөлмелі баспанада су, жылу сынды коммуналдық қызметтері үшін жеке бөлмелер қарастырылып, жылу жүйелері толықтай орнатылған. 20 сотықтан астам жер учаскелері арнайы шарбақпен қоршалған. Ол қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді.