Bugin

Түркістан: Созақтық спортшы гір спортынан өткен әлемдік додада топ жарды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Греция мемлекетінің Корфу қаласында гір көтеру спортынан ересектер арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сайыста 31 мемлекеттен келген 300-ден аса спортшылар өзара сынға түсті. Байрақты бәсекеде созақтық спортшылар Қобыланды Орынбасаров пен Баби Орынбасар еліміздің намысын қорғады.

Жарыс нәтижесі бойынша Қобыланды Орынбасаров 73 келі салмақта жұлқа көтеру мен ұзын циклді көтеруден жүлделі ІІІ орынды иеленіп, командалық эстафетадан ІІ орынға тұрақтады. Көк туымызды көкте желбіретіп, еліміздің мерейін үстем етті.

Жеңімпаз саңлақтарды спорт өнеріне баулып, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Түркістан облысы бойынша тұңғыш Халықаралық дәрежедегі төреші атағын алған Мұрат Серікбаев бұған дейінгі жеткен жетістіктерін еселей түсті.