Bugin
Фото: Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облыстық әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың тапсырмасымен, Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының бастамасымен, Қазығұрт аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен, "Белсенді ұзақ өмір" орталығынан жылжымалы кітапхана пунктінің ашылу салтанаты өткізілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Мақсаты: билік пен халық арасындағы байланысқа руханият арқылы дәнекер болу, халықтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілер мен зейнеткерлердің кітапхана қорындағы кітаптарға қолжетімділігін арттыру.
Ашылу салтанатына Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы С.Қошқарұлы, "Белсенді ұзақ өмір" орталығының директоры П.Ырсалы мен қызмет алушы зейнеткерлері қатысты.
Жылжымалы кітапхана пунктіне түрлі бағыттағы кітаптар, яғни саяси, тарихи, көркем әдебиет, экономикалық, психологиялық, мотивациялық т.б.. жалпы 2000 дана кітап және мерзімді басылымдар қойылған.