Bugin
Фото: freepik.com
Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 4 қараша түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Ертең Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 4 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Ал күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. 4 қараша күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.