Bugin

Төбелестен соң ауруханаға түскен: Петропавлда жасөспірімдердің ісі елдің ашуына тиді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім төбелестен соң ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. СҚО ПД баспасөз қызметінінің мәліметінше, төбелес туралы ақпарат 2 қараша күні сағат 19:00-де түскен. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылары жеткен. Жанжал салдарынан Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғыны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталды. Жасөспірімнің ата-анасын бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Жеткіншек профилактикалық есепке алынды.