Саясат
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинадағы сайлауға өз бағасын берді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comПутиннің Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесу барысында көршілес Украинадағы сайлау жайлы пікірімен бөлісті: «Қандай баға беруге болады? Бұл дегеніміз Порошенко жүргізген саясаттың мүлдем жүзеге аспағанын білдіреді. Жаңа Украина басшылығы менің сөзімді түсінбеуі мүмкін. Бірақ олар өте жақсы түсінеді. Зеленскийдың алғашқы қадамын көреміз. Халықты түсіну басқа, ал халықтың мүддесіне шынайы іс жасау мүлдем басқа».
Путиннің сөзінше, Мәскеу мен Киевтың қарым-қатынасы Украинаның жаңа басшысы жүргізетін саясатқа тікелей байланысты болмақ. «Біз қос елдің арасындағы байланысты толыққанды қалыптастыруға тырысамыз. Бірақ біз оны біржақты негізде асыра алмаймыз» – деп мәлімдеді.
Айта кетейік, Украина сайлауының 2-ші кезеңінде Владимир Зеленский 73% дауыс жинаса, Петр Порошенко небары 25% дауыс жинады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61