Bugin

Ақмола облысында жоғалған мүгедек ер адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақмола облысында жоғалып кеткен мүгедектігі бар ер адам табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

ІІМ-нің мәліметінше, 31 қазанда Ақмола облысында психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арналған арнайы мекемеден қамқорлықтағы, психиатриялық есепте тұрған 50 жастағы ер адам өз еркімен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Науқастың жоғалып кеткенін байқаған мекеме қызметкерлері бірден аудандық полиция бөліміне жүгінген. 

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1 қараша күні жақын маңдағы ауылдардың бірінен жоғалған азамат табылып, қайтадан мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайы анықталып жатыр.