Bugin
Фото: freepik.com
Орал қаласында жантүршігерлік жол апатынан 63 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апатынан бес адам зардап шегіп, біреуі жансақтау бөліміне жатқызылған. Ал БҚО денсаулық сақтау басқармасы 1961 жылғы әйел ауруханаға өте ауыр халде түскенін хабарлаған. Оның кеуде және іш тұсына оталар жасалған. Бірақ зейнеткер ауруханада көз жұмды. Енді патологоанатомиялық зерттеу жасалады.
“Ал 1958 жылғы ер адам хирургия бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, тұрақты. Қажетті емін алуда", - деп хабарлады ведомстводан.
Абайсызда адам өліміне алып келген жол апатына қылмыстық іс қозғалды.