Bugin

Асхат Аймағамбетов зейнетақыны қысқарту туралы ұсыныс айтқан министрге шүйлікті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Өткен аптада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова зейнетке белгілі бір санаттағы азаматтар еңбек өтілі 25 жылдан кем болмаған жағдайда ғана зейнетке ерте шығатынын айтқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Ал кім ертерек зейнетке шыққысы келеді? Бұл мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, көп балалы аналар, қауіпті және қиын еңбек жағдайларында жұмыс істейтіндер. Олардың бірнеше санаттары бар. Сондықтан мұндай таңдау құқығын қоғамға беру керек және оны қоғам өзі талқылауға тиіс", - деді Светлана Жақыпова.

Асхат Аймағамбетов бұл ұсыныс қоғамда алаңдаушылық туғызғанын ескертіп, министрге шүйлікті.

"Бұл идея мемлекеттік шығындарды халықтың ең осал топтарының бірі есебінен шешуге тырысу секілді көрінеді. Мұның орнына бюджетті оңтайландырудың әділ әдістерін іздестіру керек. Көптеген зейнеткердің әзірше минималды төлемдер алатынын және олар өмір сүру үшін жеткіліксіз екенін түсіну маңызды. Енді олардың алып жүрген қарапайым табысы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы туралы Конституцияның 28-бабымен кепілдендірілген заң көңілге күдік ұялатты. Адамдардың ең аз қарсылық білдіруге қабілетті жерінен үнемдеу жолдарын іздеп жатқандай әсер қалдырады. Алғашында онкологиялық науқастардың емдеу қаржысын қысқарту ұсыныстары, кейін хоспистар мен ауыр науқастарды қолдауға бағытталған қаржыны қысқарту, ал енді – жұмыс істеп жүрген зейнеткерлердің зейнетақысын қысқарту туралы ұсыныс жасалды", - дейді ол.

Мәжіліс депутаты бюджетті үнемдеу керегін, бірақ білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы, жәрдемақы мен азаматтарымыздың жалақыларына қол сұғуға болмайтынын мәлімдеді.